«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экскурсиялық тур

Экскурсиялық тур

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Аталған жыл аясында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен экскурсиялық тур өткізілуде.

Аталған іс-шара 4 айға жоспарланған. Алғашқы 2 ай мамыр-маусым, келесі 2 ай қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Экскурсиялық тур бағыты:

«Көне Тараз» археологиялық саябағы, «Қарахан», «Дәуітбек Шомансұр» кесенелері, Ерте ислам мешіті, «Тектұрмас» этно-тарихи кешен, «Қазақ хандығы» монументалды ескерткіші, «Айша бибі», «Бабаджа Хатун» кесенелері.

ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарымызды өскелең ұрпаққа насихаттау біздің басты мақсатымыз.