«Aspara fashion week» сән апталығы өткізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының ұйымдастыруымен шаһарымыздың орталығы «Шахристан» кешенінің «Сағат стелласы» маңында халықаралық «Aspara fashion week» сән апталығы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан колледждері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің Ұлттық байқауы және қолөнершілер көрмесі мен мастер-класстар көрсетілді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халық назарына жылжымалы көрме ұсынды. Көрме барысында тарихымызды жаңғыртатын көненің көзі болған ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін ортағасырлық құнды жәдігерлерімізден жасақталған соның ішінде: әйел затының әшекей бұйымдары, қола шырағдан бөліктері,күміс белбеу,сиясауыят, қыш құмыралар, жұмыртастар секілді ерекше экспонаттарымызды көрермендер тамашалай алды.