«Айша бибі» кесенесінде түсірілім жұмыстары жүргізілді
Республикалық "Abai TV" телеарнасының "Мәдениет жауһарлары" бағдарламасының кезекті санын "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты киелі шаһарымыздың інжу-маржаны, ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы, діни ескерткіштеріміздің бірде-бір бірегейі «Айша бибі» кесенесінде түсірілім жұмыстары жүргізілді. Түсірілімнің басты мақсаты көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар, екі мың жылдан астам тарихы бар қасиеті мен өсиеті қатар өрілген Тараз қаласының тарихымен таныстыру.
Сонымен қатар, сұхбат барысында осындай тарихи нысандардың аумағында туристік тартымдылықты арттыру мақсатында атқаралып жатқан жұмыстар жайлы мекеме басшысы Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналыұлы баяндап берді.