«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музей қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

Музей қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Музей заңгері Ержан Сланов қызметкерлерге «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау және тіркеудің негізгі принциптерін түсіндірді.

Музей қызметкерлерімен ақпараттық жүйенің ерекшеліктері мұқият зерделенді, аталған жүйенің негізгі талаптары ол азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну процедурасын барынша жеңілдету және олардың қаралуын бақылауды жетілдіру болып табылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органдар «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесіне қосылған болатын.

Бұл өз кезегінде өтініштердің барлық жұмыс процестерін цифрландыру, өтініштердің таратылу жолдарын автоматты түрде білуге, мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру арқылы өтініштердің қаралу мерзімін қысқартуға, өтініш берушіге өтініштің қаралуының барлық кезеңдері мен уақытын хабарлауға мүмкіндік береді.