«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / №6 мектеп-лицейдің білім алушыларына онлайн экскурсия жүргізілді

№6 мектеп-лицейдің білім алушыларына онлайн экскурсия жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің білім алушыларына «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты («Zoom» платформасы арқылы) онлайн экскурсия жүргізілді. Музей-қорығының қызметкерлері білім алушыларға арнайы өткізілген экскурсияда тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан «Айша бибі», «Қарахан» кесенесі және шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған «Көне Тараз» этномәдени кешенін назарларына ұсынды. Сонымен қатар экскурсия барысында тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып, Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды экспонаттарды көрсетіп,сипаттамларына тоқталып, таныстырылды.

Бүгінгі экскурсия оқушылардың қызығушылығын тудырды дегенге кәміл сенеміз, себебі олар ежелгі Тараздың тарихы туралы қызықты әрі мазмұнды дәріс тыңдады.