«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Апталық радиохабарға сұхбат берді

Апталық радиохабарға сұхбат берді

Бүгін ҒМ 108 толқынындағы апталық радиохабарға ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Тілепалдиева Ләйлә сұхбат берді.

Сұхбат барысында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясы жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар «Балалар жылы» аясында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Соның ішінде балаларға өлке тарихын насихаттауда, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымызбен етене жақын болып, танысуға үлкен мүмкіндік тудыратын «Жас саяхатшы», «Жас археолог», «Жас экскурсовод», «Өз өлкеңді біл және сүй» атты үйірмелері жоспарлы түрде өткізіліп келетіндігі туралы баяндалды.Сондай-ақ музей қызметкерлері ҒМ 108 толқынында «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» тақырыбында әр аптаның бейсенбі күндері халық ауыз әдебиеті арқылы келіп жеткен құнды аңыз-әңгімелерден сыр шертетіндігін хабарлады.