Біздің тарихи мұрамызды сақтайық!
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арнайы өткізілген" JAMBYL TV " телеарнасының "Қайырлы таң,Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Байтұрсынова Лаура және Оспанова Әлия тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында айтулы күнге орай әріптестерін құттықтай отырып, музей-қорығына қарасты Халықаралық және Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау,зерделеу және насихаттау бойынша атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар туралы айтылды.Соның ішінде ерекше аталып өткен "Ұлы Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізі" маршруттар желісінің ескерткіштері ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Жамбыл облысының аумағында орналасқан ортағасырлық бес ірі қала туралы баяндалды. Қорытындылай келе музей қызметкерлері туған жеріміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтауға, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыруға шақырды.