«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / "Айша бибі" кесенесінде видео түсірілім өткізілді

"Айша бибі" кесенесінде видео түсірілім өткізілді

" JAMBYL TV " телеарнасына өлке тарихын насихаттау, дәріптеу мақсатында Жамбыл өңірінде орналасқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырдың інжу-маржаны атанған "Айша бибі" кесенесінде видео түсірілім өткізілді. Тарихи деректерді айтып,алдағы уақытта кесенедегі туристтік тартымдылықты арттыру үшін тың ақпараттармен бөлісіп, қорық-музей қызметкерлері кесене бойынша танымдық экскурсия жүргізді.