«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / JAMBYL TV

JAMBYL TV

" JAMBYL TV " телеарнасының "Қайырлы таң,Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тікелей эфирде сұхбат беруді жалғастыруда. Бүгінгі «Балалар жылы» атты эфирде музей қорығының ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі Байтұрсынова Лаура аталған жыл аясында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Соның ішінде балаларға өлке тарихын насихаттауда, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымызбен етене жақын болып , танысуға үлкен мүмкіндік тудыратын «Жас саяхатшы», «Жас археолог», «Жас экскурсовод», «Өз өлкеңді біл және сүй» атты үйірмелері жоспарлы түрде өткізіліп келетіндігі туралы баяндалды.
Сонымен қатар эфир барысында алдағы уақытта ұйымдастырылып отырған музей түні қандай бағытта өтетіндігі туралы сұрақ қойылды. Аталған іс-шара «Балалар жылына» орай ерекше өткізілетіндігін айта кету керек, яғни музейге қарасты тарихи нысандардың аңыз-әңгімелерін жандандырып, жас ұрпаққа ғажайып ертегі әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік туындайтыны туралы тікелей эфирде бөлісті.