«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда

Мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мәденит және спорт министрлігі Мәдениет комиеттінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандардың жай-күйін білу мақсатында маусымдық мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

Осы жолы мониторинг жұмыстары Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан қалашығының қазіргі таңдағы жағдайына бақылау жүргізумен жалғасты. Мониторинг жүргізу барысында мекеме қызметкерлері қалашықтардың аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар аумақтың қоршауын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.