«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музей қоры / “Музейге сый тарту” акциясы / Қышқа салынған суреттер

Қышқа салынған суреттер

Жуырда «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар көркемөнер» мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары жетекшісі Гүлнар Қаспақованың бастауымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырып аясында 2011-2017 жж. аралығында Тараз қалашығынан табылған қыш ыдыстарының бірнеше бөліктеріне қыш құмыраларының, петроглифтердің, ортағасырлық тұрғындарға тән адамдардың тарихи бейнелерін суреттеді. Дайын болған қыш фрагменттеріне салынған суреттерін «Музейге сый тарту акциясы» бойынша музей қорына сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, «Ежелгі тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы көненің көзіндей болған жәдігерлерді кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында облыстағы бірнеше оқу орындары, түрлі ұжымдармен серіктестікте жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Жоғарыдағы игі шара осының нақты айғағы деуге болады.