«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музей қоры / “Музейге сый тарту” акциясы / Музей-қорығының қоры қыш құмырамен толықтырылды

Музей-қорығының қоры қыш құмырамен толықтырылды

08.04.2022 ж. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қоры «Тарихи жәдігерлерді сыйға тарту» акциясының аясында қыш құмырасымен толықтырылды. Отбасында мұра болып келген бұл жәдігерді Тараз қаласының тұрғыны Еркінай Қойпыева тапсырды. Құмыра ашық түсті саз балшықтан жасалған, аузы кең, алмұрт пішінді, екі тұтқасы бар. Қыш шеңберінде жасалған. Қыш ыдысының мойны, жоғарғы бөлігі және іші жасыл түсті глазурьмен боялған. Сұйық заттарған пайдаланған.

Қазіргі таңда біздің басты мақсатымыз – ел арасында елеусіз жатқан ескілік заттарды, көне жәдігерлерді, рухани құндылықтарымыз бен ұлтымыздың ұлы тұлғаларынан қалған заттай деректерді тарихымыздың өркендеуіне септігін тигізетін мәдени мұра ретінде және кәсіби тұрғыда сақтап қалу.