«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат / Қазан айы

Қазан айы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.

Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 95% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (5%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қорық-музей әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:

Қазан айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік шотына 233484 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметі – 719,29 теңге,

пошта қызметі – 3890 теңге жұмсалды.

Қазан айында шығыстардың жалпы сомасы 4609,29 теңгені құрады. Қалған қаражат (228874 тенге 71 тиын) қорық-музейдің келесі айға жоспарланған жұмыстарға жұмсалады.