Сәуір айы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 95% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (5%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қорық-музей әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды: Сәуір айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік шотына 444583,55 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметі – 2000,89 теңге,
пошта қызметі - 4030 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 299 793,00 теңге,
Айша-Биби, Карахан кесенелерін көгалдандыруға–1375770,00 жұмсалды.
Сәуір айында шығыстардың жалпы сомасы 1681593,89 теңгені құрады. Яғни 1237010,34 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.