Желтоқсан айы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
2015 жылға дейін қорық-музей бюджеттен 100% қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 95% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 5% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.
Сонымен қатар қорық-музейге қарасты республикалық маңызға ие ескерткіштерге келетін зиярат етушілерден, ескерткіш аумағында орнатылған арнайы жәшікке түсетін қаражатты ай сайын жариялап тұруды дұрыс деп санаймыз.
Желтоқсан айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 167 261 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне — 1400 теңге,
пошта қызметіне — 9400 теңге,
шаруашылық жұмыстарына — 154505 теңгесі жұмсалды.
Жалпы желтоқсан айындағы шығыстардың сомасы 165 305 теңгені құрады. 1956 теңге келесі айға жоспарланған жұмыстарға жұмсалады.