Қаңтар айы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
2015 жылға дейін қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 95% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 5% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.
Сонымен қатар қорық-музейге қарасты республикалық маңызға ие ескерткіштерге келетін зиярат етушілерден, ескерткіш аумағында орнатылған арнайы жәшікке түсетін қаражатты ай сайын жариялап тұруды дұрыс деп санаймыз.
Қаңтар айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 166 682 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне — 900 теңге,
шаруашылық жұмыстарына —271 808 теңгесі жұмсалды.
Жалпы қаңтар айындағы шығыстардың сомасы 272 708 теңгені құрады.
Яғни 106 026 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.