«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат / Қазан айы (2024)

Қазан айы (2024)

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.

Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:

2024 жылдың қазан айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 336020 теңге түсті.  Осы сомадан:

 

                        банк қызметіне – 1304,83 теңге,

                        мемлекеттік баж – 1846 теңге,

шаруашылық жұмыстарына – 30706 теңге жұмсалды.

 

Қазан айында шығыстардың жалпы сомасы 33856,83 теңгені құрады. Қалған қаражат 302163 теңге 17 тиын (Үш жүз екі мың бір жүз алпыс үш теңге 17 тиын) музей-қорығының келесі айға жоспарланған жұмыстарына жұмсалады.