Тамыз айы (2024)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2024 жылдың тамыз айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 441541 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне – 1517,60 теңге,
мемлекеттік баж – 1846 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 888544 теңге жұмсалды.
Тамыз айында шығыстардың жалпы сомасы 891907,60 теңгені құрады. Яғни 450366,60 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалды.