Наурыз айы (2024)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2024 жылдың наурыз айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 383 017 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне – 1 414,73 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 42 323 теңге жұмсалды.
Наурыз айында шығыстардың жалпы сомасы 43 737,73 теңгені құрады. Қалған қаражат 339 279 теңге 27 тиын (Үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз жетпіс тоғыз теңге 27 тиын) музей-қорығының келесі айға жоспарланған жұмыстарына жұмсалады.