Қараша айы (2023)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2023 жылдың қараша айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 302 091 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне – 1 900 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 774 199,36 теңге жұмсалды.
Жалпы қараша айындағы шығыстардың сомасы 776 099,36 теңгені құрады.
Яғни 474 008,36 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалды.