«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат / Қыркүйек айы (2022)

Қыркүйек айы (2022)

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.

Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:

2022 жылдың қыркүйек айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 667 660 теңге 00 тиын түсті.  Осы сомадан:

банк қызметі – 1 969,15 теңге,   

шаруашылық жұмыстарына – 97818,60 теңге жұмсалды.

Қыркүйек айында шығыстардың жалпы сомасы 99787,75 теңгені құрады. Қалған қаражат (567872 теңге 25 тиын) музей-қорығының келесі айға жоспарланған жұмыстарына жұмсалады.