Сәуір айы (2022)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2022 жылдың сәуір айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 435 766 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметі – 1 538,75теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 559 968,12 теңге,
халықаралық конференцияны ұйымдастырып өткізуге – 304 800 теңге,
көгалдандыру жұмыстарына – 938 100 теңге жұмсалды.
Жалпы сәуір айындағы шығыстардың сомасы 1 804 406,87 теңгені құрады.
Яғни 1 368 640,87 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалды.