«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Медиа / БАҚ біз туралы / «Таза Қазақстан» акциясына Италиядан келген туристер үлес қосты

«Таза Қазақстан» акциясына Италиядан келген туристер үлес қосты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Жамбыл облысының тұрғындары белсенді атсалысуда. Экологиялық науқан аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бастамасымен Тараз қаласындағы «Қарахан баба» кенесіне алма ағаштары отырғызылды. Мұндағы мақсат – келген турист, қонақтарға жайлы жағдай жасау. Акцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымынан бөлек, белгілі тарихшылар, мәдениет саласының мамандары , журналистер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.