Археологиялық және реставрациялық жұмыстар
Ғылыми жоба
Ұлттық ғылыми кеңесінің қаралуынав «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығынан 3 ғылыми жоба берілді. Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімімен, Өрнек қалашығы-Түркі билеушілерінің ордасы ғылыми жобасы мақұлданды.


«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар нысандарға жүргізілген 2021 жылғы қайта қалпына келтіру жұмыстары
1. Ақыртас архитектуралық -археологиялық кешені (VIII-XII ғғ.)
Ақыртас архитектуралық -археологиялық кешені — Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол станциясынан 6 км оңтүстікте Қырғыз Алатау бөктерінде орналасқан.Осыдан екі ғасыр бұрын тастан қаланған алып құрылыс Ақыртас кешені анықталған болатын. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне қалпына келтіру жұмыстарын «Қазқайтажаңғырту» ШЖҚ Тараз филиалының мамандары археологиялық зерттеулерін кешенді түрде жүргізіп келеді. 2021 жылғы қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында Сарай кешенінің шығыс бөлігі ашылып, реставрациялау және консервациялау жұмыстары жүргізілді.

қайта қалпына келтіру жұмыстары кезіндегі фотосуреттер

қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған фотосуреттері
2. Құлан қалашығы
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне әрі Қазақстанның киелі жерлер картасының тізіміне өңірлік қасиетті орын ретінде алынған Құлан қалашығы бірнеше тарихи қатпардан тұрады. Осы қатпарлардан өлке тарихының әр кезеңіне жататын хан сарайы мен ғибадатхана және ислам өркениетіне жататын зират орны да табылған. Әрі бұл көне заманнан бері маңына адамзат баласы қоныстанған бірден-бір тарихи жәдігер саналады, осы орайда арнайы құрылған топ мүшелері археолог С.Ақылбек, «Казреставрация» Л. Бейсембаева және реставрация мамандары «Құлан» қалашығының реставрация жұмыстарын жүргізу орындарын анықтап, музеефикация, консервациялық жұмыстарын жүргізу үшін жоба әзірленді. Алдағы уақыттарда анықталған орындардың жалғасын тауып, қазба жұмыстарын одан әрі жүргізу болып отыр. Сондай-ақ бұл жерді келешекте өңір туризмін дамыту үшін ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсаты тұр.


3. Нәметбай мешіті (XIX ғ. басы - XX ғ басы.)
Мешіттің аулалық кешені 1897 жылдың соңына қарай қалыптасты, оған медресе, даретханада, тұрғын бөлмелерде пайдаланылатын бірқатар үй-жайлар кіреді. Мешіт 1980 және 2001 жылдары зерттелген. 1995 жылы Ташкент көшесі жағынан аулаға кіре-беріс жаңа қақпалармен оқшауланған селикат кірпіштен салынған аркалы өткелі бар, аула жақтаулары терразитті сылақпен мрамор сынықтары жапсыра отырып қаптаған.1887 жылы салынған қызыл-саманды құрылымды мешіттің қатты тозған ғимараты архитектуралық тұрғыдан ең құнды болып табылады. Нәметбай мешітіне толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілді, жөндеу жұмыстары барысында есік терезелер толығымен ауысты. Айта кетерлігі өзіндік өткен ғасырлық кейіпін жоғалтпаған арша ағаштары мен сол кезеңде боялған шығыс үлгісіндегі оюлары өз қалпын сақтап отыр. Мешіт ішіне жылуландыру жүйесі толығымен жүргізілген.

Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі фотосуреттері


Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасау кезіндегі фотосуреттері

Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі фотосуреттері
4. Әулие-ата мешіті
Әулие–ата мешіті - 2020 жылы сәуір айы мен 2021 жылдың мамыр айы аралығында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Әулие-ата» мешітінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 3-маусым күні қаламыздың рухани орталықтардың бірі «Әулие ата» мешітінің жаңа келбетін қала жұртшылығына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп ашқан болатын. Сонымен қатар,Бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жаманбайұлы және қорық-музей қызметкерлері күтіп алып, «Әулие ата» мешітінің тарихымен таныстырды.

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі фотосуреттері

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстары барысындағы фотосуреттері

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі фотосуреттері
5. Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы
Ақтөбе (Баласағұн) қалашығының -VI-XII ғасырмен мерзімделінетін Төркүл аумағының батыс жақ қабырғасының 7 метрі, бағандар орналасқан жазықтықтың солтүстік қабырғасы, сонымен қатар батыс жақ қабырғасының ұзындығы 86 метр, биіктігі 3 метр бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі.
«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК Тараз филиалы.
Құлан қалашығы, IV-XII ғасыр.
Нысанда 2019 жылы орындалған жұмыстардың
Фотосуреттер Альбомы.

Нысан : .Құлан қалашығы, IV-XII ғасыр.
Мекен-жайы: Жамбыл облысы
Құлан қалашығы IV- XII ғасыр
Ескі бастырманың бастапқы жағдайы.


Ескі бастырманы демонтаж жасау

Құрылыс материалдарын жеткізу, тасымалдау.



Металл фермаларды дәнекерлеп дайындау

Металл қоршауларын дәнекерлеп дайындау

Металл конструкцияларына қажетті материалдарды бояу жұмыстары.


Қоршаудың монтаждау жұмыстары.


Ескі бастырмаларды алып тастаған соңғы жағдайы.

Фермаларды монтаждау жұмыстары

Шатырдың ағаш конструкцияларын орнату


Төбежабын материалдарын монтаждау

Металл кострукциялардың бөліктерін бетондап орнату.

Біткен бөліктердің ішкі көрінісі

Біткен нысанның сыртқы көрінісі


2023 жылы Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі қысқаша есеп
2023 жылы «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Тараз филиалы Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар бірқатар тарих және мәдениет ескерткіштерінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, жұмыстар келесі нысандарда атқарылды:
Қарақожа мешіті;
Абдулла Ишан мешіті;
Қали Жүніс моншасы.
Қайта қалпына келтіру барысында ескерткіштердің тарихи келбеті мен сәулеттік ерекшеліктері сақтала отырып, құрылымдық және декоративтік элементтеріне жөндеу, қалпына келтіру және консервациялау шаралары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде нысандардың тарихи және мәдени құндылығы сақталып, олардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
1.Қарақожа мешіті (ХХ ғ. басы)
Қысқаша мәлімет: Талас ауданы, Ойық ауылы, Сейілбек ауылының 1 км. солтүстік-шығыс, шығыстағы тегістікке орналасқан. 1945 жылы археолог Г. И. Пацевич, 1949 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (Л. И. Ремпель) зерттеген. 1975–1980 жж. «Қазжобалауқайтажаңғырту», 2000 жылы ММЕ ҒЗЖИ институттары, 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі экспедициясы (К. Байбосынов) зерттеген. Қыш кірпіштен тұрғызылған, жобасы төртбұрышты, көп күмбезді, құрылыс сиыну залы мен айваннан тұрады. Толық қайта жөндеу жұмыстары 2003–2004 жылдары жүргізілді.




Қайта қалпына келтірілмеген фотосуреттері (2022 жыл)




Толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (2023 жыл)
2.Абдулла Ишан мешіті, ХХ ғ. Басы
Қысқаша анықтамасы: Үшарал ауылының ортасында орналасқан. Ескерткіш 1945 жылы археолог Г. И. Пацевич зерттеген. 1947 жылы, 1980 жылы «Қазжобалауқайтажаңғырту» институты, 2000 жылы Ғылыми-зерттеу жобалау институты зерттеген. Мешіттің құрылыстық жобасы төртбұрышты, күйдірілген кесектен өрілген, төбесі көп күмбезді. Орталық зал үлкен күмбезбен, қалған бөлмелер мен жанындағы үш айван кішілеу келген он бес күмбезбен жабылған. Айванның сыртқы қапталдары аркалы күмбездер түрінде асқан шеберлікпен өрілген. Соңғы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 2003–2004 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша РМК «Қазқайтажаңғырту» институтының Тараз филиалы жүргізді.

Қайта қалпына келтірілмеген фотосуреттері (2022 жыл тамыз айы)


Толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (2023 жылдың қараша айында)
3.Қали Жүніс моншасы, ХХ ғ. басы
Қысқаша анықтамасы:Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі, 38 орналасқан. 1982–1986 жылдары моншаға Жамбыл реставрациялық шеберханасы алғашқы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның авторы – С. Суртаев. 1982 жылға дейін ескерткіштің ғимараты жартылай күйреген жағдайда болды. Қайта қалпына келтіру және жаңарту жұмыстары нәтижесінде моншаның ішінде көптеген жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өзінің алғашқы кейіпін өзгертті. Кейінгі 2002–2004, 2014 жж. «Қазқайтажаңғырту» РМК Тараз филиалының мамандары моншаға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. 2023 жылы «Қазқайтажаңғырту» РМК Тараз филиалының мамандары моншаға қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.




02 Наурыз 2022
4512
16 Қараша 2019