Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Научные работы / Археологические и реставрационные работы

Археологиялық және реставрациялық жұмыстар

Ғылыми жоба

Ұлттық ғылыми кеңесінің қаралуынав «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығынан 3 ғылыми жоба берілді. Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімімен, Өрнек  қалашығы-Түркі билеушілерінің ордасы ғылыми жобасы мақұлданды.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар нысандарға жүргізілген 2021 жылғы қайта қалпына келтіру жұмыстары

1. Ақыртас архитектуралық -археологиялық кешені (VIII-XII ғғ.) 

Ақыртас архитектуралық -археологиялық кешені — Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол станциясынан 6 км оңтүстікте Қырғыз Алатау бөктерінде орналасқан.Осыдан екі ғасыр бұрын тастан қаланған алып құрылыс Ақыртас кешені анықталған болатын. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне қалпына келтіру жұмыстарын  «Қазқайтажаңғырту» ШЖҚ Тараз филиалының мамандары археологиялық зерттеулерін кешенді түрде жүргізіп келеді. 2021 жылғы қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында Сарай кешенінің шығыс бөлігі ашылып, реставрациялау және консервациялау жұмыстары жүргізілді.

қайта қалпына келтіру жұмыстары кезіндегі фотосуреттер

қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған фотосуреттері

2. Құлан қалашығы

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне әрі Қазақстанның киелі жерлер картасының тізіміне өңірлік қасиетті орын ретінде алынған Құлан қалашығы бірнеше тарихи қатпардан тұрады. Осы қатпарлардан өлке тарихының әр кезеңіне жататын хан сарайы мен ғибадатхана және ислам өркениетіне жататын зират орны да табылған. Әрі бұл көне заманнан бері маңына адамзат баласы қоныстанған бірден-бір тарихи жәдігер саналады, осы орайда арнайы құрылған топ мүшелері археолог С.Ақылбек, «Казреставрация» Л. Бейсембаева және реставрация мамандары «Құлан» қалашығының реставрация жұмыстарын жүргізу орындарын анықтап, музеефикация, консервациялық жұмыстарын жүргізу үшін жоба әзірленді. Алдағы уақыттарда анықталған орындардың жалғасын тауып, қазба жұмыстарын одан әрі жүргізу болып отыр. Сондай-ақ бұл жерді келешекте өңір туризмін дамыту үшін ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсаты тұр.

3. Нәметбай мешіті (XIX ғ. басы -  XX ғ басы.)

Мешіттің аулалық кешені 1897 жылдың соңына қарай қалыптасты, оған медресе, даретханада, тұрғын бөлмелерде пайдаланылатын бірқатар үй-жайлар кіреді. Мешіт 1980 және 2001 жылдары зерттелген. 1995 жылы Ташкент көшесі жағынан аулаға кіре-беріс жаңа қақпалармен оқшауланған селикат кірпіштен салынған аркалы өткелі бар,  аула жақтаулары терразитті сылақпен мрамор сынықтары жапсыра отырып  қаптаған.1887 жылы салынған қызыл-саманды құрылымды мешіттің қатты тозған ғимараты архитектуралық тұрғыдан ең құнды болып табылады. Нәметбай мешітіне толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілді, жөндеу жұмыстары барысында есік терезелер толығымен ауысты. Айта кетерлігі өзіндік өткен ғасырлық кейіпін жоғалтпаған арша ағаштары мен сол кезеңде боялған шығыс үлгісіндегі оюлары өз қалпын сақтап отыр. Мешіт ішіне жылуландыру жүйесі толығымен жүргізілген.

Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі фотосуреттері

Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасау кезіндегі фотосуреттері

Мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі фотосуреттері

 4. Әулие-ата мешіті

Әулие–ата мешіті - 2020 жылы сәуір айы мен 2021 жылдың мамыр айы аралығында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Әулие-ата» мешітінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 3-маусым күні қаламыздың рухани орталықтардың бірі «Әулие ата» мешітінің жаңа келбетін қала жұртшылығына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп ашқан болатын. Сонымен қатар,Бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жаманбайұлы және қорық-музей қызметкерлері күтіп алып, «Әулие ата» мешітінің тарихымен таныстырды.

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі фотосуреттері 

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстары барысындағы фотосуреттері

Әулие–ата мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі фотосуреттері

5. Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы

Ақтөбе (Баласағұн) қалашығының -VI-XII ғасырмен мерзімделінетін Төркүл аумағының батыс жақ қабырғасының 7 метрі, бағандар орналасқан жазықтықтың солтүстік қабырғасы, сонымен қатар батыс жақ қабырғасының ұзындығы 86 метр, биіктігі 3 метр бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау және көпшілікке таныту мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдармен ынтымақтастық Меморандум  орнатты.  2018 жылдан-2021 жылға дейін музей-қорықтың Ынтымақтастық орнатқан  серіктестердің тізімі:

  • 14 маусым 2018 жыл- «Казгеорхология» жауапкершілік шектеулі серіктестігі
  • 11 қаңтар 2021 жыл-Тараз қаласындағы физика-математика бағытдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • 09 қазан 2019 жыл- « Ассоциация внутреннего и въездного туризма» Жамбылской области
  • 12 қазан 2019 жыл – Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты
  • 15 қаңтар 2021 жыл- ТОО «Туристическая компания «Taraz Travel»
  • 19 қаңтар 2021 жыл- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститiн балаларға арналған облыстық «Мейiрiм» арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • 28 қаңтар 2021 жыл- ТОО Туристическая компания «Silk Road Business Services»
  • 26 қазан 2021 жыл- Ботай тарихи-мәдени музей-қорығы