Ежелгі Тараз

Жаңалықтар

Музей өмірі мен мәдени іс-шаралар туралы соңғы жаңалықтар

Қытайлық туристер Көне Таразбен танысты! Жаңалықтар
21.07.2025

Қытайлық туристер Көне Таразбен танысты!

             Бүгін Қытай елінен келген қонақтар Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық саябағында болып, Ұлы Жібек жолының бойындағы терең тарихпен танысты.              Экскурсия барысында ежелгі қаланың бай мәдениеті мен архитектуралық мұралары жайлы мол мағлұмат алып, ерекше әсерге бөленді. Қонақтар тарихи сапарды қызықты әрі мазмұнды жүргізген экскурсоводымыз Назира Каракуловаға шын жүректен алғысын білдірді. Тарихпен жүздескіңіз келсе – Көне Тараз сізді де күтеді!  

Толығырақ
Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті! Жаңалықтар
18.07.2025

Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті!

           Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына АҚШ-тың әртүрлі штаттарынан арнайы келген қонақтарымыз тарихи мұрамен танысып, ерекше әсер алғандарын жеткізді.            Аника – Пенсильвания штатынан, түп-тамыры Қазақстанның Орал қаласынан, Адель – Солтүстік Каролинадан, Кэйси мен Сэмми – Техас штатының тумалары.            Кесененің бірегей архитектуралық дизайны мен ұсынылған тарихи деректер шетелдік меймандардың зор қызығушылығын тудырды. Олар: “Бұл мекенге әлемні...

Толығырақ
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының тарихшысы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды! Жаңалықтар
17.07.2025

Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының тарихшысы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды!

            Бүгін музей-қорықтың тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл радиосындағы “Асыл қазына” хабарына қатысып, тыңдармандарға Қостөбе қалашығының бай тарихи мұрасы туралы терең әрі мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Сұхбат барысында ежелгі қалашықтың қалыптасу кезеңі, археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер мен Қостөбенің Ұлы Жібек жолы бойындағы рөлі кеңінен сөз болды.             Тарихқа қызығушылық танытқан барша тыңдармандар үшін бұл сұхбат шынайы рухани олжа...

Толығырақ
Taraz24 телеарнасында – тарихи көрменің көрінісі! Жаңалықтар
17.07.2025

Taraz24 телеарнасында – тарихи көрменің көрінісі!

            Бүгін Taraz24 телеарнасында “Ежелгі Тараз ескерткіштері” музей-қорығында өткен ерекше шара туралы арнайы сюжет жарық көрді! Сюжетте “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен ашылған             “Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары” атты жылжымалы көрменің ашылу сәті көрсетілді. Көрме барысында көрермендер қола дәуіріндегі жерлеу мәдениеті мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды археологиялық экспонаттармен танысты. Тарихқа...

Толығырақ
«Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты жылжымалы көрме Жаңалықтар
16.07.2025

«Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты жылжымалы көрме

            Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.             Көрме барысында қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдері мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды экспонаттар жұрт назарына ұсынылып, ежелгі мәдениеттің терең тарихына үңілуге мүмкіндік берілді. Шараға “Белсенді ұзақ өмір сүр...

Толығырақ
АҚЫРТАС АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Жаңалықтар
15.07.2025

АҚЫРТАС АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

            Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми бөлім және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері Ақыртас археологиялық сәулет кешенінде мониторинг жұмыстарын жүргізді.             Мониторинг барысында кешен аумағындағы археологиялық және сәулеттік құрылымдардың қазіргі жай-күйі зерттеліп, табиғи және адам факторларынан туындайтын зақымдану белгілері тіркелді.             Мұндай жұмыстар ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, оларды...

Толығырақ
«Бабаджа Хатун» кесенесіне бүктеме парағы дайындалды Жаңалықтар
11.07.2025

«Бабаджа Хатун» кесенесіне бүктеме парағы дайындалды

         “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты «Бабаджа Хатун» кесенесіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген “Қор сақтау және есепке алу” бөлімінің дизайнері - Г. С. Әбдібекова.      

Толығырақ
«Заң және тәртіп» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді Жаңалықтар
10.07.2025

«Заң және тәртіп» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

         Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру шарасы өтті.        Шара барысында: • Интернет арқылы жасалатын алаяқтықтардың түрлері, • Қорғану жолдары туралы кеңестер берілді. Мақсат – құқықбұзушылықтың алтын алып, қоғамда киберқауіпсіздік туралы түсінікті арттыру. Қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!  

Толығырақ
Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері! Жаңалықтар
10.07.2025

Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері!

       Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова сұхбат беріп, арнайы түсірілімге қатысты.        Жобада музей-қорыққа қарасты: • Айша бибі, • Бабаджа хатун, • Қарахан баба • және Дәуітбек кесенелері жайлы құнды әрі тың деректермен бөлісті. Толық түсірілімді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:   https://youtu.be/G4Yude1yvYw?si=xSeLzt9ISuqJtCnk  

Толығырақ
Ғылыми жобаларға арналған семинар Жаңалықтар
09.07.2025

Ғылыми жобаларға арналған семинар

        Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің өкілінің қатысуымен мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге бейінді ұйымдарға ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өтуде.         Аталған шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаи...

Толығырақ
Оралдан – Таразға: Тарихпен тілдескен сәт Жаңалықтар
09.07.2025

Оралдан – Таразға: Тарихпен тілдескен сәт

       Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан келген қадірлі қонақтарымыз Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық кешеніне келіп, ежелгі қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жүздеген тарихи жәдігерлермен танысты.        Қонақтар Х ғасыр мен ортағасырлық өркениет белгілерін көріп, Тараздың мыңжылдық тарихына ерекше ықыласпен үңілді. Қыш құмыралар, шырағдандар, хум ыдыстары, темір және әшекей бұйымдар – барлығы да халқымыздың терең тамыры мен рухани мұрасының айғағы.        “Біз...

Толығырақ
Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Жаңалықтар
06.07.2025

Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!

       Қазақ халқының төл өнері мен рухани мұрасының символына айналған домбыра – ұлттың үнін, тарихын, жүрек лүпілін жеткізетін киелі аспап.        Бүгінгі күн – халқымыздың баға жетпес байлығын ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптейтін маңызды мереке.       «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы бұл күні барлық өнерсүйер қауымды күй күмбірімен үндесіп, ата-бабамыздың асыл мұрасын бірге насихаттауға шақырады.       Домбыраның үні – е...

Толығырақ