Жаңару күніне орай игі іс
19.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы Жаңару күніне орай “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен игі шара өтті. Іс-шара барысында Қарахан кесенесі аумағына 50 түп декоративті тал көшеті отырғызылды.
Бұл бастама – табиғатты аялау, тарихи орындарды көркейту және келер ұрпаққа жасыл әрі көрікті орта қалдыру жолындағы маңызды қадам.
Іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – әрбіріміздің борышымыз. Жаңару күні құтты болсын! Әрбір бастама берекелі болып, туған өлкеміз гүлдене берсін!
