Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық спорт күні!

20.03.2026
Бүгін – Ұлттық спорт күні!
              Бұл  күн –  ата-бабамыздан  мирас болып  қалған  ұлттық  ойындарымызды  дәріптеп,  жас ұрпаққа насихаттайтын ерекше мереке. Соның ішінде қазақ халқының ең көне әрі қызықты ойындарының бірі – асық ату
             Асық – тек ойын ғана емес, ол мергендікке, дәлдікке, ептілікке баулитын ұлттық тәрбие құралы. Ерте заманда балалар ғана емес, ересектер де асық ойнап, сайысқа түскен.
Асықтың әр қыры мен атауы бар: алшы, тәйке, бүк, шік – әрқайсысының өз мәні мен ережесі қалыптасқан. Бұл ойын арқылы ұлтымыз ұрпағын шымырлыққа, батылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеген. Бүгінгі күні асық ойыны қайта жаңғырып, ұлттық құндылық ретінде кеңінен насихатталып келеді. Бұл – біздің мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі.
                Ұлттық спортты ұлықтайық! Дәстүрімізді дәріптеп, келер ұрпаққа жеткізейік!
 
Бөлісу: