Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет отырысы өтті
30.03.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет отырысы өтті. Отырыста сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға қатысты іс-қимыл алгоритмі, хабарлаушыларды қорғау және құпиялылықты сақтау мәселелері талқыланды.


