Сіз Тараз қаласындағы жаңа бейнеде жаңартылған мешітті білесіз бе?
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Әбдіқадыр мешітіне бүктеме парағымен таныс болыңыз!
«Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізілді
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының” ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне «Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізді.
Бұл дәріс барысында студенттерге көне Тараз қаласының тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен ескерткіштердің мәдени маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілд...
"Оххум қалашығы - ұмытылған өркениеттің іздері" атты мақаласы
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ”Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақеркенің "Оххум қалашығы - ұмытылған өркениеттің іздері" атты мақаласы «Тектұрмас» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналында жарық көрді.
«Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – студенттерге темір дәуіріне тән археологиялық ескерткіштердің зерттелу ерекшеліктерін таныстыру, Берікқара...
"Тектұрмас кесенесі – Ислам дәуірі мен Ұлы жібек жолы тоғысындағы киелі орын" атты мақаласы
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының "Тектұрмас кесенесі – Ислам дәуірі мен Ұлы жібек жолы тоғысындағы киелі орын" атты мақаласы Kazmuseum.kz сайтында жарық көрді!
Толығырақ танысу үшін https://kazmuseum.kz
Орынбасар Ақерке "Жүнісбай мешіті" тақырыбында танымдық дәріс өткізді
M. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандыгының бірінші курс студенттеріне "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи- мәдени музей-қорығы "ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке "Жүнісбай мешіті" тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында Тараз өңіріндегі мешіттің тарихи маңызы, сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени құндылығы туралы тың мәліметтер ұсынылды.
«Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 1 курс студенттеріне «Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер Құлан қалашығының тарихи дамуы, ортағасырлық Жібек жолындағы стратегиялық маңызы,...
Мадина Ибадильдаева Жамбыл радиосының «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Мадина Ибадильдаева Жамбыл радиосының «Асыл қазына» хабарына арнайы қонақ болып қатысты.
Эфир барысында өңір тарихындағы ерекше мәдени мұралардың бірі – Жалпақтөбе (Жікіл) қалашығының тарихы мен зерттелу нәтижелері жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Нәметбай мешітіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген "Қор сақтау және есепке алу" бөлімінің дизайнері - Г.С. Әбдібекова.
«Шоқай Датқа кесенесі: архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи мәні» тақырыбында мазмұнды дәріс
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Шоқай Датқа кесенесі: архитектуралық ерекшеліктері мен тарихи мәні» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттер тарихи ескерткіштің құрылымдық ерекшеліктерімен, сәулеттік шешімдерімен және оның өңір тарихы...
Тараз қаласының ежелгі тарихи келбетін толықтырып тұрған маңызды нысандардың бірі – Әулиеата мешіті. Мешіт атауы Тараздың байырғы есімімен тығыз байланысты.
Бұл діни кешен:
рухани білім беретін орталық
имандылыққа тәрбиелейтін мекен
қоғамды бірлікке үндейтін орын
Тараздың тарихи-мәдени болмысы мен ислам өркениетінің сабақтастығын көрсететін қасиетті орын ретінде қайта жанданып келеді.
Әулиеата мешіті, Тараз
Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау”бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке “Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында көне Оххум қалашығының тарихи маңызы мен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері жайлы тың ақпараттар айтылды.