«Нәзіктік пен әсемдік: өткеннің үнсіз куәгерлері»
06.03.2026
Халықаралық әйелдер күніне орай, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлеріне арналған «Нәзіктік пен әсемдік: өткеннің үнсіз куәгерлері» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға көне Тараздан табылған нәзік қолөнер бұйымдары, моншақтар және әшекей заттар қойылды. Әрбір жәдігер өзінің ерекше мәні мен тарихын жеткізіп, нәзіктік пен әсемдік символы ретінде әйелдердің қоғамдағы рөлін айқындайды. Көрме қатысушылары көне бұйымдарды тамашалай отырып, сол замандардағы әсемдік пен әдет-ғұрыпқа көз жүгіртіп, мәдени мұраға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.
