Меркі қалашығы, VII-XIII ғасырлар
Мерке ауылының батыс шеті, Ташкент –Алматы тасжолының солтүстігіне қарай орналасқан. Алғашқы тарихи атын сақтаған ежелгі қалашықтың бірі. Ол ІХ-Х ғ.ғ. Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында аталады.
ТолығырақЕскерткіш туралы ақпаратты көру үшін маркерді басыңыз
Мерке ауылының батыс шеті, Ташкент –Алматы тасжолының солтүстігіне қарай орналасқан. Алғашқы тарихи атын сақтаған ежелгі қалашықтың бірі. Ол ІХ-Х ғ.ғ. Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында аталады.
Толығырақ
Бөріқазған тұрағы Жамбыл облысы Талас ауданы Қызылəуіт ауылынан 10 км оңтүстік-шығыста, Бөріқазған жерінде орналасқан.
Толығырақ
Оххум қалашығы Байзақ ауданы, Сәмбет-Бостандық жолынан шығыс-батысқа қарай 300 м. орналасқан.
Толығырақ
Тәңірқазған тұрағы Жамбыл облысы Талас ауданы Қызылəуіт ауылынан 13,4 км оңтүстік-шығыста, Тəңірқазған даласында орналасқан.
Толығырақ
Берікқара қорымы ауылдың оңтүстік шетіне орналасып, оңтүстік жəне оңтүстік-батысқа қарай Берікқара шатқалының сағасына дейін 3,5 км созылып жатыр. Қорым Қаратау (Жуалы ауданы) жотасының солтүстік бөктеріндегі жазықта, Берікқара өзе-нінің қос жағалауында орналасқан. Обалар шат-қалдан бастап Билікөл көлінің жағалауына дейін орналасқан.
Толығырақ
Байзақ ауданында, Тараз қаласынан 1,5 шақырым жерде орналасқан. Зерттеуші Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында: «Барысхан – Тараздан шығысқа қарай орналасқан, адамның даусы жетерлік жердегі қала. Оның айналасында қазіргі күні құлап қалған қабырға бар. Үлкен мешіт базарлардың ортасында тұр» делінген.
Толығырақ
Тараз қаласының тарихи бөлігі, яғни цитаделі қазіргі орталық базардың астында жатыр. Мұнда қаланы билеушілердің резиденциясы орналасқан. Цитадельге жапсарлас қабырғамен қоршалған қаланың «шахристан» деп аталатын бөлігінде зиялы қауымның, бай саудагерлердің, қолөнершілердің үйлері және шығыс базары мен мешіт, ал шахристан қабырғаларына жапсарлас қолөнершілердің шеберханалары, үйлері-рабад орналасты.
Толығырақ
Жікіл қалашығы Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы маңына орналасқан қалашық. Зерттеуші А.Н. Бернштамның айтуы бойынша, Жікіл қалашығының аты сол дәуірдегі тұрғылықты Жікіл түркі тайпасының атымен аталған. Г.И. Пацевичтің пікірі бойынша Жалпақтөбе қаласын Х ғ. араб географы əл-Макдисидің хабар-лауларындағы Жікілмен тепе-теңестіруге болады. Жалпақтөбе мен Жікілдің теңестірілуін Т.Н. Сенигова мен К.М. Байпақов құптайды.
Толығырақ
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды.
Толығырақ
Түймекент қалашығы Байзақ ауданы, Түймекент ауылының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қалашық 1894 ж. В.В.Бартольдпен қаралған, ал 1936-1938 жж. А.Н.Бернштамның жетекшілігімен Жетісу археологиялық экспедициясымен зерттелді. 1986 ж. қалашықта К.М.Байпаковтың жетекшілігімен тарихи және мәдени ескерткіштер Жиынтығы археологиялық экспедициясының отряды жұмыс істеді.
ТолығырақКөне ескерткіштерді 360° форматында үйден шықпай тамашалаңыз