Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

01.03.2026

Құрметті әріптестер және қала тұрғындары!

Алғыс айту күні – еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен өзара құрметтің айқын көрінісі. Бұл мереке 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай бекітілген.

Тарихқа көз жүгіртсек, өткен ғасырдың күрделі кезеңдерінде түрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныс аударып, қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдығын көрді. Бір үзім нанын бөлісіп, қиын-қыстау уақытта қолдау көрсеткен халқымыздың адамгершілігі – бүгінгі татулық пен тұрақтылықтың негізі.

Алғыс айту күні – өткенге тағзым етіп, бүгінгі бейбіт өмірге шүкіршілік айтатын, бір-бірімізге құрмет пен ризашылық білдіретін ерекше күн.

Осы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Елімізде әрдайым бірлік пен келісім салтанат құрсын!

Құрметпен, 

Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығы

Бөлісу: