Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Ынтымақ пен бірлік – Ұлы даланың құндылығы» көрмесі

21.03.2026
«Ынтымақ пен бірлік – Ұлы даланың құндылығы» көрмесі
              Наурыз – жаңару мен жарасымның, татулық пен бірліктің мерекесі. Осы орайда, мереке аясында Тараз жұртшылығының назарына ұсынылған жәдігерлер – Ұлы дала халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін, бірлік пен ынтымақтың айғағы. Әрбір бұйым өткен мен бүгінді жалғап, ортақ тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды айқындай түседі. Қазақ халқы үшін шаңырақ астындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда басты құндылық болған. Сондықтан, аталмыш көрме – ата-баба мұрасын дәріптеп, келешек ұрпаққа жеткізудің бір көрінісі.
 
Бөлісу: