Музей сабағы өткізілді
Жас ұрпақты өлке тарихымен тереңірек таныстыра отырып, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды насихаттау мақсатында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Жамбыл облысы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің білім алушыларына музей сабағын өткізді. Музей қызметкерлері «Көне Тараз» археологиялық саябағында ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттар көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды.Оқушылар Тараздың ортағасырлық қалалық мәдениеттің эталоны ретіндегі даму кезеңдерімен танысты. Олардың арасында керуен-сарайлар, "хамам" моншасы, медреселер,сәулет ерекшеліктері мен қолөнердің дамуы ерекше қызығушылық тудырды.