Маусымдық мониторинг жұмыстары
Қазақстан Республикасының Мәденит және спорт министрлігі Мәдениет комиеттінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандардың жай-күйін білу мақсатында маусымдық мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастап кетті.
Осы жылғы мониторинг жұмыстары Шу ауданындағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ақтөбе (Баласағұн) қалашығынан бастау алып, археологиялық ескерткіштердің бірі Меркі қалашығының қазіргі таңдағы жағдайына бақылау жүргізумен жалғасты. Мониторинг жүргізу барысында мекеме қызметкерлері қалашықтардың аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді, ақпараттық тақтайшалары жаңартылып, жергілікті қорғау инспекторларымен кездесіп, ескерткіштерді сақтау,қалпына келтіру және ғылыми зерттеудің өзекті мәселелері, тарихи-мәдени нысандардың жұмыстары бойынша ақпараттар алынып, тапсырмалар берілді.