Көне жәдігерлердің сыры
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің қызметкерлері №53 мектеп-гимназиясында «Көне жәдігерлердің сыры» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Археологиялық жәдігерлерден жасақталған көрмеде күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыстар, IX-XIII ғасырға жататын қыш құмыралар,қола, қыш шырағдандар және т.б экспонаттар оқушылардың назарына ұсынылды. Артефактілерді көрген оқушылар музей-қорық қызметкерлерінен қызықтырған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды.
Тараз - ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Тараз сан ғасырлық тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан қала. Ата-бабаларымыздың тарихы мақтануға лайық!