«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ұлы Даланың - Ұлы өркениеті» тақырыбында дәріс оқылды

«Ұлы Даланың - Ұлы өркениеті» тақырыбында дәріс оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»-деп, тәуелсіз Қазақстанды айқындап өтті. Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының 30 жылдығын қарсы алып отыр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында бүгін ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің ұйымдастыруымен «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білімгерлерінің қатысуымен «Ұлы Даланың-Ұлы өркениеті» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тоқталып, қорық-музейге қарасты 30 тарихи-мәдени нысанының тарихы мен аңыздары айтылып өтті. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып, ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды жәдігерлерді көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды.