Жылжымалы көрме (бейнеролик)
Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту» болмақ. Сондықтан да өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.
Міне, осының бір айғағы ретінде бүгін ұйымдастырылып отырған «Атқа міну мәдениеті-дала өркениетінің мұрасы» атты жылжымалы көрмеден бейнероликті тамашалаңыздар.