Тараз қаласының ардагерлері үшін кешенді экскурсия өткізілді
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласының ардагерлері үшін кешенді экскурсия өткізілді. Ақсақалдар көз алдымызда көркейіп келе жатқан тарихи қаламыздың тарихи-мәдени және киелі нысандарын аралады. Экскурсия жетекшілері ардагерлерді соңғы 30 жылдағы ғылыми тарихи жетістіктермен таныстырды, ескерткіштердің қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қалай өзгергенін көрсетті. Ал ардагерлер, өз кезегінде, біздің қаламыздың жастық шақтарында қандай болғанын еске алып, уақыт өте келе қалай өзгергендігіне тамсанатындарын айтты. Экскурсия бағыты «Қарахан», «Дәуітбек Шамансұр», «Айша Бибі» «Бабаджа Хатун», кесенелерінде және «Қазақ хандығы»монументі, «Тектұрмас» этно-мәдени кешені арқылы өтті. Экскурсияның соңында ардагерлер есте қаларлықтай айтылған барша мәліметтер өте қатты қызықтырғанын айтып, «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұрамыз, баршамыздың парасатты парызымыз.