Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде
Жыл сайын ЖОО мен колледж студенттері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің объектілерінде музейлік іс-тәжірибеден өтеді. Ал қазіргі таңда «Жамбыл политехникалық колледжінің», «Туризм» мамандығының 4-курс білімгерлері ҚР қорық-музейіне қарасты «Көне Тараз» археологиялық саябағында іс-тәжірибеден өтуде. Музей қызметкерлері білімгерлерге ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттар көрсетіліп, сипаттамаларына тоқталып, таныстырылды. Студенттер Тараздың ортағасырлық қалалық мәдениеттің эталоны ретіндегі даму кезеңдерімен танысты. Олардың арасында керуен-сарайлар, "хамам" моншасы, медреселер, сәулет ерекшеліктері мен қолөнердің дамуы ерекше қызығушылық тудырды.