Жүз жыл жырлаған жүрек
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келген Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында қалалық М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің негізгі мақсаты Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын үйрете отырып, Жамбыл шығармалары арқылы адамгершілікке, ұлтжандылық сезімін оятуға баулу, өткен мен бүгін арасында байланыс ретінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Жылжымалы көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығынан тың мәліметтер айтылып, ақын өмірі туралы бейне материалдар мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлерден көрме ұсынылды. Тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу бүгінгі көрмеге арқау болды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.