«Ана тілім-ардағым»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен басты қазынасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы асыл мұрасы.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері жоспар түрде ұйымдастырып келе жатқан «Өз өлкеңді біл және сүй» үйірмесінің кезекті тақырыбы бүгінгі тіл мерекесіне арналды. «Ана тілім-ардағым» атты үйірме сабағының мақсаты білім алушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Ана тілінді құрметтеу, өз өлкенді сүюден басталады демекші "Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы" КММ-нің "Шұғыла" бейнелеу өнері студиясының оқушылары «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында табылған жәдігерлерді бейнелеген суреттерін аяқтап, әрбір жәдігерлердің ғылыми сипаттамасымен қайта таныса, ежелгі Тараз шаһарының тарихынан тереңірек сыр шертті. Қорық-музей қызметкерлері жас дарындарға ана тілін,мәдениетін сүюге және өз жерінің патриоттары болуға,сондай-ақ оқуда және шығармашылықта табыс тіледі!