Жұмыс сапары
Бүгін Шымкент қалалық "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу"музейінің қызметкерлері жұмыс сапарымен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне келді. Сапардың мақсаты: жалпы музей қызметін жинақтауда тәжірибе алмасу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, туристік тартымдылықты арттыру, келушілерді тарту, білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнату және т.б. мәселерлерді қарастырып, әдістемелік көмек алу және тәжірбие алмасу болып табылады. Сапар барысында әріптестеріміз республикалық қорық-музейдің қарамағындағы тарихи-мәдени мұра нысандары: "Айша бибі", "Бабажа қатын", "Қарахан" кесенелерімен, "Көне Тараз" археологиялық саябағы және "Тектұрмас" этно-мәдени кешенімен танысты. Қонақтарымызды экскурсия барысында көне шаһарымыздың ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржандары мен халық ауыз әдебиетінің аңыздары таң қалдырып, таңдай қақтырды. Мәдени мұрамызды насихаттау әрі сақтау жолында әр қашан әріптестерімізбен қоян-қолтық жұмыс жасауға дайынбыз!