«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ғылыми этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді

Ғылыми этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді

Назарбаев Университетінің студенттері Атика Аджар мен Әуез Аружан өздерінің магистрлік жобасы аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштер» қорық-музейінің қасиетті нысандарына әйелдер қажылығын зерттеу бойынша ғылыми этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеушілер тарихи -мәдени орындарда - Қарахан мен Айша Бибі кесенелерінде әлеуметтанулық және этнографиялық бақылаулар жұмыстарын жүргізіп, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық –музейінің қызметкерлері мен кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл практикалық жұмыс барсында студенттерге аймақтың қасиетті және тарихи мұрасын, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанның қазіргі қажылық маршруттарын зерттеуге мүмкіндік береді. Қуантарлық жағдай, қазіргі жастар өз елінің тарихына, мәдениетіне қызығушылық танытып,сонымен қатар тарихты дәріптеп насихаттау жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосып келуде.