«Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында
– Абдулла ишан мешітінің тарихы мен салыну ерекшеліктері;
– Мешіттің өңірдің рухани өміріндегі орны;
– Тарихи мұра ретінде сақталуының маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Осындай тағылымды дәрістер жас мамандардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды тереңірек тануға мүмкіндік береді.



03 Желтоқсан 2025
41
16 Қараша 2019