Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді

«Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді

          Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
          Кездесу барысында
         – Абдулла ишан мешітінің тарихы мен салыну ерекшеліктері;
         – Мешіттің өңірдің рухани өміріндегі орны;
         – Тарихи мұра ретінде сақталуының маңызы жан-жақты түсіндірілді.
         Осындай тағылымды дәрістер жас мамандардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды тереңірек тануға мүмкіндік береді.