Онлайн экскурсия жүргізілді
Қордай ауданы, Сұлутөр ауылы, № 38 Сұлутөр орта мектебінің білім алушыларына «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты («Zoom» платформасы арқылы) онлайн экскурсия жүргізілді. Музей-қорығының қызметкерлері білім алушыларға тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан, қаламыздың ажарын ашып тұрған «Көне Тараз» этномәдени кешенін назарларына ұсынды. Сонымен қатар экскурсия барысында тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып, ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды экспонаттарды көрсетіп,сипаттамларына тоқталып, таныстырылды.


04 Мамыр 2022
1976
16 Қараша 2019