«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат / Желтоқсан айы

Желтоқсан айы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2015 жылға дейін қорық-музей бюджеттен 100% қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 95% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 5% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.

Сонымен қатар қорық-музейге қарасты республикалық маңызға ие ескерткіштерге келетін зиярат етушілерден, ескерткіш аумағында орнатылған арнайы жәшікке түсетін қаражатты ай сайын жариялап тұруды дұрыс деп санаймыз.

 

Желтоқсан  айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 167 261 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне — 1400 теңге,

пошта қызметіне — 9400 теңге,

шаруашылық жұмыстарына — 154505 теңгесі жұмсалды.

 

Жалпы желтоқсан  айындағы шығыстардың сомасы 165 305 теңгені  құрады. 1956 теңге келесі айға жоспарланған жұмыстарға жұмсалады.