«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат / Қаңтар айы

Қаңтар айы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2015 жылға дейін қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 95% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 5% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.

Сонымен қатар қорық-музейге қарасты республикалық маңызға ие ескерткіштерге келетін зиярат етушілерден, ескерткіш аумағында орнатылған арнайы жәшікке түсетін қаражатты ай сайын жариялап тұруды дұрыс деп санаймыз.

Қаңтар айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 166 682 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне — 900 теңге,

шаруашылық жұмыстарына —271 808 теңгесі жұмсалды.

Жалпы қаңтар айындағы шығыстардың сомасы 272 708 теңгені құрады.

 Яғни 106 026 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.